Антарктикада ежелгі құрлықтың ізі табылды

Ғалымдар Антарктидада мұздың астынан ежелгі құрлықтың қалдықтарын тапты. Мамандардың айтуынша, GOCE спутнигінің арқасында ашылған жаңалық «ғаламшарымыздың ең аз зерттелген бөлігіне жарық әкелуге» көмектеседі.

Жанармайдың жетіспеушілігіне байланысты 2013 жылы жер бетіне түсірілген жер серігінен (Gravity field and Ocean Circulation Explorer) Еуропа ғарыш агенттігі бірегей мәліметтерді ала алды.

Сонымен бірге, зондпен жиналған деректер, соның ішінде біздің планетамыздың гравитациясы туралы мәліметтер мамандарға мұз астындағы жасырын тектоникалық тақтайшалардың тарихын көруге көмектесті.

Ғалымдар GOCE мәліметтерін сейсмологиялық деректермен салыстырып, Жер литосферасының 3D карталарын жасады. «Шығыс Антарктидада 160 миллион жыл бұрын қосылған антарктикалық қыртыстың және басқа құрлықтардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтайтын геологиялық ерекшеліктердің мозаикасын көрдік», — деп мәлімдеді зерттеу авторларының бірі Фаусто Ферраччоли.

Ғалымдардың айтуынша, Антарктида жер қыртысының құрамы бойынша Үндістан мен Аустралияға ұқсайды.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment