Әнші Жарқынай Ханайым ажырасуына не себеп болғанын айтты

27 жасында ажырасқаннан кейін ауыр кезеңді бастан өткерген.

«Ер адамыңды сүйген кезде, ол адамнан қызың бар кезде ол процесс өте ауыр өтеді. Менде өте ауыр болды. Мүлдем білдірмеуге тырыстым. Әрине, оған дейін мен армандаған отбасылық бақытқа ұмтылдым. Ол болмады. Мүмкін мен Айдарға ойындағыдай әйел бола алмадым, ол да маған мен армандағандай ер азамат бола алмады. Екеуміздің тәрбиеміз, өскен жеріміз екі түрлі. Мүмкін оның да әсері болды ма?! Карантин, бала, тұрақты табыс жоқтығы — барлығы үлесін қосты», — дейді өнер иесі.

Әншінің айтуынша, ажырасуына күйеуіне деген реніш себеп болған.

«Тағы тусам ғой деген ниетте жүрдім. …Ол жиі түсірілімдерге барып, қарқынды актер ретінде дамуға тырысты. Маған оны басқа партнерлермен көру ауыр болды. Меншікті менің адамым болса екен дедім. Оның үстіне күйзеліс, босанғаннан кейінгі күйзеліс, Айдар басқа ортада жүр. Сонымен нүктесі қызғаныш болды. Телехикаядағы қызғаныш болды. Тым болмағанда әйелі ретінде емес, Айлананың анасы ретінде бір ауыз ескерту керек пе еді деп ойлаймын. Қанша ашулансақ та, ұрысып жүрсек те қоғам үшін ерлі-зайыптымыз, ортада бала бар. Мен қатты қызғанбайтын ба едім, қызғаныш та емес, ол ренішке көбірек келеді», — дейді әнші.

 

https://turkystan.kz/article/234813-nshi-zhar-ynay-hanayym-azhyrasuyna-ne-sebep-bol-anyn-aytty

 

Comments (0)
Add Comment