Әлішер Кәрімов журналист Асхат Садырбайға берген сұхбатында Димаш Құдайберген не үшін араласпай кеткенін айтты.
“Шынымды айтсам, Димашпен қазір байланысым жоқ. Бірнеше ай бұрын студияда көріп қалдым. Жағдай сұрастық, екі минуттай ғана сөйлестік. Туған күнімізде бір-бірімізді құттықтамаймыз. Хабарласпаймыз. Қытайға дейін болған байланысы басқа, Қытайдан кейін басқа болып кетті. Неге екенін білмеймін. Уақыты жоқ шығар. Бір кезде телефон нөмірімізбен алмасайық деген болатынмын. Бірақ жауап болмаған соң, сол жерден қоя салдым. Мен жалынғандыұнатпайтын адаммын”, – деді әнші.
«Қыздар жылайтын болды»: Желіге Димаш Құдайбергеннің бейтаныс аруға сөз салған видеосы тарады
Әншінің айтуынша, Қытайдағы байқауға дейін Димашпен тығыз қарым-қатынаста болған, алайда сол сапардан кейін аралары суып кеткен.
“Қытайға дейін бауырлар секілді болдық, үнемі хабарласып тұратынбыз. Ол кезде қатты уайымдап жүрді. Қазір ол үлкен әртіс болып кетті. Димаштың жетістіктеріне қуаныштымын, әркез тілекшімін. Ол барлығына лайық”, – деді Әлішер Кәрімов.
Еске салсақ, бұған дейін әнші Әлішер Кәрімов Назарбаев әулетімен жақсы қарым-қатынаста болғаны туралы айтқан еді.
https://stan.kz/anshi-alisher-karimov-dimash-kydaybergenmen-ne-ushin-ar-402562/