Анкарада қазақтың бас ақыны туралы кітап жарық көрді

Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлына арналған ұжымдық монография Анкарада ағылшын тілінде шықты деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты ғылыми еңбек те жарыққа шықты. Қос бірдей кітаптың таныстырылымы 14 қазанда өтті. Бұл еңбектер шетелдік қауымға қазақ ойшылы Абай мен оның мұрасын жан-жақты танытуды көздейді. Екі томдық кітап 1889 жылдан 2020 жылға дейін баспасөзде жарияланған барлық еңбектерді толық қамтыған ғылыми басылым. Библиографиялық көрсеткіште 12 мыңнан астам дерек қамтылған.

– Бұл Абайтанушы ғалымдарға да, жас ізденушілерге де жалпы Абай шығармасына қызыққан халыққа өте қажетті. Бұнда ерекшелігі сол, осы еңбектерге сипаттама беріліп, оның ерекшеліктерін айтуында. Яғни бұл кітап – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразия ғылыми-зерттеу институттың жасаған жемісті еңбегі, – дейді  «Абай академиясы»ғылыми-зерттеу институтының директоры Жандос Әубәкір.

– «Ұлы дала данышпаны – Абай» атты кітап 18 тараудан тұрады. Ғылыми еңбек ағылшын тілінде жарыққа шықты. Мұнда отандық және шетелдік ғалымдардың ұлы ойшыл ақынның заманы, туып өскен ортасы мен барлық шығармашылығы жан-жақты қамтылды, – деді Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бейлұр.

Comments (0)
Add Comment