Ангинаны балмұздақпен емдеуге бола ма – дәрігер жауап берді

Ангинаны балмұздақпен емдеуге бола ма деген сауалға медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санаттағы отоларинголог дәрігер Владимир Зайцев жауап берді.

Дәрігердің айтуынша, дәрі-дәрмек тұрғанда ондай әдісті қолданбаған жөн.

«Бұл әдістің медициналық логикасы бар. Балмұздақ жегенде тамырлар жиырылады да, инфекцияның терең бойлап кетуіне кедергі жасайды. Дегенмен, ондай әдіспен дәрі-дәрмекті алмастыруға немесе баламасы ретінде  пайдалануға келмейді. Асқынған ангинаны антибиотикпен емдеу керек. Ал балмұздақты қосымша құрал ретінде пайдалануға болады», – деді Зайцев.

Ura.ru порталына берген сұхбатында дәріген суық климатта тұратын адамдар үшін ангинаны балмұздақпен емдеу әдісі жарамайтындығын айтты. Себебі олардың ағзасы суыққа үйренген.

«Біз солтүстікте тұрамыз. Суық күндер көп, сондықтан ондай әдіс бізге келмейді», — деді отоларинголог.

https://turkystan.kz/article/223489-anginany-balmuzdakpen-emdeuge-bola-ma-deriger-zhauap-berdi/

Comments (0)
Add Comment