Аналар кеңесі – ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі

Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) жанындағы Аналар кеңесі есепті мерзімде белсенді жұмыс жүргізіп, 182 шара өткізіп, 8 200 адамды қамтыды. Облыстық Аналар кеңесі республикалық «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында өңірлік деңгейде «Еліне азамат тәрбиелеген отбасы», «Ананың әні», «Ана көрген», «Әжемнің ертегісі», «Қолөнерім – мол өнер», «Анаммен бірге кітап оқимын», «Ақ орамал», «Айналайын», «Қауіпсіздік сағаты» сияқты бірнеше жобаны жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар, республикалық «Салауатты сана» жобасы аясында «Барыңды бағала» атты вандализммен күрес қоғамдық жобасы да белсенді түрде жұмыс істейді.
Есепті мерзімде Аналар кеңесінің «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында Тараз қаласы мен облыстың барлық 10 ауданындағы 101 балабақшада ертегі оқылып, 2 550 бала қамтылды. Сонымен бірге, Меркі ауданы Аналар кеңесі «Ананың әні» байқауын ұйымдастырып, оған 18 бен 45 жас аралығындағы 10 үміткер қатысты.
ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің атқарып жатқан жұмысы өңірдегі отбасы құндылықтарын нығайтуға, мәдени мұраны сақтауға және балалар мен жастардың жан-жақты дамуына бағытталған маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі болып табылады. Бұл жобалар қоғамдағы бірлік пен татулықты арттыруға, қоғамдық сананы жетілдіруге септігін тигізеді.

Comments (0)
Add Comment