«Анаға тағзым» орталығына жаңа басшы тағайындалды

«Анаға тағзым» Жамбыл облыстық отбасылық даму әлеуметтік орталығына жаңа басшы болып Сүгірбай Дамира Маратқызы тағайындалды.

Дамира Маратқызы 1978 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келген.

1999 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Жамбыл политехникалық колледжінде оқытушы болып бастаған.

1999–2006 жылдары Жамбыл политехникалық колледжінде оқытушы, 2006–2007 жылдары Қордай ауылшаруашылық колледжінде оқытушы, 2007–2016 жылдары «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры, 2016–2021 жылдары «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

2021 жылдан бүгінге дейін Қордай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

turaninfo.kz

Comments (0)
Add Comment