«АНА ТӘРБИЕСІ- ҚАЗАҚ ҚОҒАМНЫҢ ЖАЗЫЛМАҒАН ОҚУЛЫҒЫ»

Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығында «Ана тәрбиесі- қазақ қоғамының жазыдмаған оқулығы» облыстық форумы өтті. Ұлттың бүгіні мен болашағындағы бала тәрбиесінің маңыздылығын ескере отырып аналарымыздың қоғамдағы, адамзат өміріндегі қадір қасиетін, мәртебесін аттыру, ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында өткізілді. Форумда Жуалы ауданының әкімі Мұртаза Жалғас Әлижанұлы, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркінбек, Жамбыл облыстық аналар кеңесінің төраймы Хадиша Аянқызы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысы, Мойнқұм ауданының құрметті азаматы, «Ел Ана» Қоғамдық қорының президенті, «Қазақстан дәуірі» газетінің бас директоры, ардагер ұстаз Сәуле Мешітбайқызы сөз сөйледі. Бағдарламада мәдениет үйінің алаңында кітап инсталяциясы, кіші залда қол өнер шеберлерінің көрмесі, фоеде «Бөкейтау» вокалды аспапты ансамблі өнер көрсетті. Қызғалдақ ән-би ансамблінің «Шашу» әні, Әжелер ансамблінің «Жуалым» әні айтылып, көрермен көзайымына айналды. Сонымен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген аналарға сый сияпат тапсырылды. Форумға барлық ауданның аналар кеңесінің төрайымдары мен ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.
Жуалы Аудандық Мәдениет Үйі

 

Comments (0)
Add Comment