Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментiне қарасты №25 мекемесінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнi мерекесіне орай сотталғандар арасында мәдени іс-шара өткізілді.
Шарада мекеме қызметкерлері жазасын өтеушілерге ел тәуелсіздігінің негізгі алғышарты болған Желтоқсан көтерілісі жайлы ақпарат беріп, егемендігімізді шегендеген Тәуелсіздік декларациясының қабылдануы жайында баяндады. Сонымен қатар жазасын өтеп жатқан азаматтар да іс-шараға белсенді атсалысып, ән шырқады.
Жалпы, мұндай мәдени жиындар мекемеде әр мереке сайын өткізіліп отырады. Мұндағы мақсат – сотталғандарды қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруіне, қоғамда өз бетінше өмір сүруіне көмектесу.