Аманаттықтар саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алды

Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні «AMANAT» партиясының мүшелері «АЛЖИР» мемориалдық-мұражай кешеніндегі еске алу қабырғасына гүл шоқтарын қойды. Еске алу рәсіміне қатысушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Іс-шараға партия хатшылары, Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты.

«ХХ ғасырдағы зұлмат жылдардың құрбандарын еске алып қана қоймай, одан сабақ алу үшін өскелең ұрпақтың жадында жаңғырту  бәріміздің ортақ парызымыз. Түрлі дерек бойынша Қазақстанда қуғынсүргін жылдары 100 мыңнан астам адам сотталып, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе. Ел тарихындағы осы қасіретті кезең бүгінгі Тәуелсіздігіміздің құндылығы мен қадірін ұғындырады», – деді Елнұр Бейсенбаев.

Тарихи әділдікті қалпына келтіру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылғаны белгілі. Оның жұмысына «AMANAT» партиясының мүшелері де белсенді қатысады. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніелімізде 1997 жылдан бері аталып өтіледі.

https://turkystan.kz/article/224623-amanattyktar-sayasi-kugyn-surgin-men-asharshylyk-kurbandaryn-eske-aldy/

Comments (0)
Add Comment