«AMANAT»-тың ел аумағындағы 4 000-нан астам бастауыш партия ұйымының мүшелері партияның жаңа Саяси тұғырнамасының жобасын талқылауда. Сондай-ақ БПҰ отырыстарында партияның аумақтық филиалдарының конференцияларына қатысатын делегаттар сайланады.
Мәселен, Алматыдағы №4-ші қалалық перзентхананың акушері Тамара Хван «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының жиналысында сөз сөйлеп, отбасының әл-ауқаты мен ұлт саулығы сынды бағыттардың маңыздылығын атап өтті.
«Партиялықтар өздерінің бағдарламалық құжаттары мен бастамаларында денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру мәселесін үнемі назарға алып отырады. Осылайша, олар азаматтарымызға іс жүзінде қамқорлық көрсетіп келеді», – деп атап өтті Тамара Хван.
Өз кезегінде, «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» бастауыш партия ұйымының мүшесі Сабыр Бимұхамедов жаңа бағдарламалық құжат партиялықтардың басым көпшілігінің көзқарасы мен пікірін біріктіретінін атап өтті.
«Барлық өңірден ұсыныс жинау және әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы партиялықтардың құжатқа қатысты өз пікірін білдіруіне мүмкіндік берілді. Жалпы, «AMANAT» еліміздің басты саяси күші бола отырып, әрбір азаматтың мүддесін қорғауды жалғастырып жатқаны қуантады», – деді Сабыр Бимұхамедов.
Павлодарда БПҰ мүшелері қалалық трамвай басқармасы базасында облыстық мәслихаттағы партия депутаттарымен бірге жаңа Тұғырнаманың негізгі басымдығы азаматтардың әл-ауқатына бағытталғанын атап өтті.
«Том-том құжатты зерттеп отыратын уақытымыз жоқ. Біз үшін қарапайымдылық пен қолжетімділік маңызды. Ал жаңа Саяси тұғырнаманың жобасы – осы қағидаттарға сай келеді. Партия жұмысында адам мен оның әл-ауқатына негізгі басымдық берілетіні біз үшін өте маңызды», – деді «Д.Махмұдов атындағы трамвай депосы» кәсіпорнының қызметкері Сайлаубек Асыханов.
Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының мүшесі Серік Жартыбаев жаңа құжат қатардағы партиялықтардың мыңдаған пікірін қамтитынын атап өтті.
«Жергілікті ақпараттық технологиялар колледжінің директоры ретінде, мен үшін осы Тұғырнамада балаларымыздың мектепке дейінгі тәрбиесінен бастап, барлық деңгейдегі білім беру саласына ерекше назар аударылғаны маңызды. «AMANAT» партиясының бүкіл саяси платформасы әділетті Қазақстанды құруға бағытталған»,– деді Серік Жартыбаев.
Қарағанды облысындағы «Мемлекеттік мұрағат» БПҰ жетекшісі Елена Черная жаңа тұғырнама – заманауи талаптарға жауап беретін «AMANAT» партиясының басты идеологиялық құжаты екенін атап өтті.
«Тұғырнама болашақтағы бағыт пен даму бағдарларын, қағидаларын қамтиды. Ол бізді Әділетті Қазақстанды құруға тағы бір қадам жақындатады», – деді Елена Черная.
БПҰ жиындарының қорытындысы бойынша партияның аумақтық филиалдарының конференцияларына қатысу үшін делегаттар сайланды.
Еске сала кетсек, 6 қазанда Астана қаласында «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі өтеді. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен делегаттар қатысады.