Жетісайда зейнеткер әжейді өз ұлының досы тонап кеткен. Ер адам қарт тұрғынға күш қолданып, алтын бұйымын шешіп алған, деп хабарлады turkystan.kz.
Жәбірленуші дереу полицияға арызданған. Оның айтуынша, кешкі уақытта үйінде ұлының досы қонақта болған, деп жазды Оtyrar.kz. Содан ер адам әжейге күш көрсетіп, алтын сырғасын шешіп алыпты. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Келтірілген шығын – 100 мың теңге.
Зейнеткердің арызы Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі «Тонау» бойынша тіркеуге алынды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, іздестіру шараларының нәтижесінде тәулік ішінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу барысында анықталғандай, ер адам жәбірленушінің ұлымен бірге үйінде ішімдік ішкен. Кенеттен ойы өзгерген ол есік алдында келе жатқан қарт әжейге күш қолданып, құлағынан сырғасын шешіп алған. Қолды болған алтын сырға тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.
Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
https://turkystan.kz/article/230684-altynyn-sheship-algan-zhetisaylyk-er-adam-dosynyn-kart-anasyn-tonap-ketti/