https://turkystan.kz/article/262728-almatylyq-darigerler-oqusy-qyzdyn-asqazanynan-15-keli-sas-alyp-syqty
шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының дәрігерлері жасөспірімнің өмірін сақтап қалды. 14 жастағы мектеп оқушысының асқазаны мен ішегінен шамамен 1,5 келі шаш алынды, деп хабарлайды turkystan.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Қыздың іші қатты ауырып, ісініп, әлсіздік пен қатты улану белгілері байқалған. Ауырсыну ауруханаға түсерден бірнеше күн бұрын басталған. Жағдайы ауыр деп бағаланған.
Ота кезінде хирургтер трихобезоар — асқазанның көп бөлігін және ішекке өтетін бөлігін толтырып тұрған шаш пен шырыштан тұратын тығыз түзілісті анықтап, алып тастады. Дәл осы түзіліс перитониттің дамуына себеп болған.
«Біз сирек кездесетін патологиямен бетпе-бет келдік, әсіресе балалар арасында. Трихобезоарлар көбінесе психоэмоционалдық бұзылулар аясында шашты ұзақ уақыт жұтудан қалыптасады. Бұл жағдайда түзілістің мөлшері өте үлкен болғандықтан, шұғыл ота жасау қажет болды», — дейді Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының хирургі Асқар Ризванов.
Алынған трихобезоардың салмағы шамамен 1,5 келіні құрады.
Қазіргі уақытта қыз бала ауруханадан шығарылды, жағдайы тұрақты, тұрғылықты жері бойынша емханада бақылауда және психологиялық қолдау алуда.