Әлеуметтік желіде LED экранда WhatsApp-тағы жеке хабарламалардың көрсетілген видеосы тарады.
“Жарнамалық экран қуып тұр. Өзі қалпына келтіре алмай жатыр. WhatsApp қосылып кетті. Бұл жауапсыздық деп ойлаймын. Қаншама адам көріп, оқып отыр. Әл-Фарабиде кептелісте тұрып, халық банктің жарнамалық баннерінен біреудің WhatsApp хабарламаларын оқыдық”, – делінген видеода.
“Хабарламада не жазылып тұр еді”, “Алматыда адамдар қандай болып кеткен”, “Соңғы кезде осындай көп болып кетті, үкіметтен бастап”, “Сіздердің назарларыңызды аударуға тырысып жатыр”, – деп пікір білдірді желідегілер.
Еске салайық, Астанадағы LED-экранда Ресей туының орнына Украина туы көрсетілген еді.
фото:Видеодан скрин
https://stan.kz/almatidagi-zharnamalik-ekranda-aldekimnin-whatsapp-haba-410789/