Деректерге сенсек, Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінің жоғарғы қабаттағы пәтер терезесінен ҰҚК Шекара академиясының курсанты құлаған.
Қайғылы оқиға 22 қыркүйекке қараған түні Достық даңғылында болды. Марқұм – 19 жас шамасында.
«Аталған факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталу үстінде», – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін 2024 жылдың 21 қыркүйегінде Алматыда Бостандық ауданында оқушы қыз қаза тапты. Ол тұрғын үй кешендерінің бірінің 13-қабатындағы балконнан құлаған.
https://stan.kz/almatida-ylttik-kauipsizdik-akademiyasinin-kursanti-zho-406656/