istockphoto
https://turkystan.kz/article/265455-almatyda-qaigyly-zagdai-boldy-1
Алматыда жеке меншік үйлердің арасында жеткіншекті көлік қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға бүгін түсте Наурызбай ауданында болған.
«Range Rover маркалы көліктің жүргізушісі Хигай көшесімен келе жатып, жолда жүрген баланы қағып кетті. Жол апаты салдарынан 2013 жылы туған жеткіншек оқиға орнында көз жұмды», — дейді полицейлер.
Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265455-almatyda-qaigyly-zagdai-boldy-1