Алматыда дәрігерлер 960 грамдық сәбидің өмірін сақтап қалды

Өмір үшін 44 күн  күрескен нәресте 2 келі салмақпен үйіне шығарылды.

№2 қалалық перинатальды орталығының дәрігерлері 29 апта мерзімде дүниеге келген нәрестенің өмірін сақтап қалды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ұл баланың салмағы небәрі 960 грамм, бойы 37 см болған.

Нәрестенің жағдайы Aпгар шкаласы бойынша 1/3 балл деп бағаланды. Ол жағдай өте қиын және өмір үшін күрес басталды дегенді білдіреді.

«Дәрігер-реаниматологтар мен медбикелер командасы 7 тәулік бойы қарап, шақалақтың күш жинауына көмектесті. Оның жағдайы тәуірленген соң, қарқынды терапия палатасына ауыстырылды. Ал 4 күннен кейін анасымен бірге палатаға ауысты», — делінген хабарламада.

Өмір үшін 44 күн  күрескен нәресте 2 келі салмақпен үйіне шығарылды.

фото: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/255639-almatyda-d-rigerler-960-gramdyk-s-bidin-omirin-saktap-kaldy

Comments (0)
Add Comment