Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр

Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен әйел табылмай жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

1994 жылы туған Дильфуза Атажанға 21 ақпаннан бері іздеу салынды. Ол сол күні 18:00 шамасында Бостандық ауданы, Назарбаев көшесіндегі үйінен шығып, қайтып оралмаған.

«Белгілері: бойы 165 сантиметр, арықтау келген, көзі қара, шашы да қара, беліне дейін келеді. Сол күні қара күртеше, ақшыл сары шалбар, ақ кроссовкамен шыққан.

Қандай да бір ақпарат білетін адам мына нөмірлерге хабарласуына болады: +7 701 375 92 91 немесе 102», – делінген Massaget.kz сайтында жазылған мәліметте.

https://turkystan.kz/article/214804-sepiev-baluanmen-bolgan-tobeleske-katysty-pikir-bildirdi-video/

Comments (0)
Add Comment