Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 ақпан күні сағат 10:40-та Жетісу ауданына қарасты Көкмайса-27 ықшамауданында шатыр жабыны ашық жалынмен өртенгені туралы хабар келген.
«Қойманы сөндіру және жақын маңдағы әкімшілік ғимаратты қорғау үшін өрт саптамалары орнатылды. Үздіксіз жіберу қамтамасыз етілді. Жағдай Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар департамент өртеніп жатқан қоймадан газ баллоны шығарылғанын, өрт орнында жеке құрам қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жұмыс істегенін хабарлады.
«Өртті сөндіру жарылғыш заттардың — газ баллондарының болуымен қиындауда. Өрт сөндірушілер нысан маңындағы қонақүйді қорғау үшін жұмыс істеп жатыр. Газ баллондары жарылып, қою түтін щығуда, шатыры опырылған», — деп қосты ТЖД.
Кейін департамент өрттің ауыздықталғанын хабарлады.
https://stan.kz/almatida-bazar-koymasinan-iri-ort-shikti-395609/