Алматыда баспанасынан айырылған әйел прокуратура ғимаратында тамырын кесіп тастады (видео)

 

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Видеода егде жастағы әйел алаяқтың кесірінен пәтерінен айырылып қалғанын, алайда күдіктінің бостандыққа шығарылып, іс тоқтатылғанын айтады.

Әйел өз ісіне назар аударту үшін қолындағы қан тамырын кесіп тастаған. Осының барлығын сол маңда тұрған бойжеткен камераға түсіріп тұрыпты. Ал прокуратура қызметкерлері әйелге мән бермей, тіпті алғашқы көмек көрсетуге де тырыспаған.

Алматы прокуратурасы оқиғаның 25 қарашада болғанын хабарлады. Жергілікті тұрғын өзі жәбірленуші болып отырған қылмыстық іс бойынша күдіктіні қамауға алуды сұраған.

 


«Апорт брендінен айырылуымыз мүмкін»: Алматылық апорт өсірген шаруа иелері прокуратура қысым көрсетіп жатқанын айтып, президенттен көмек сұрады


«Арызданушы прокуратура ғимаратында өзін жарақаттады. Әйелге медициналық көмек көрсетіліп, түсіндірме жұрмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, прокуратура ғимаратына бір уақытта бірнеше азамат алаяқтық жасау фактісі бойынша қозғалған тағы бір қылмыстық іс аясында құқық қорғау органдарының әрекетіне көңілі толмайтындарын айтқан. Жағдай бойынша прокуратура басшысының орынбасары түсініктеме берді», – деп хабарлады Алматы прокуратурасы.

Сондай-ақ, полиция арызданушы айтқан іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.

«Күдіктіні ұстау шаралары жүргізілуде. Бұл ретте жәбірленушінің шағымдары анықталып жатқанын хабарлаймыз», – деп түсіндірді  полиция департаментінің өкілдері.

Еске салсақ, осыған дейін Таразда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғанын жазғанбыз.

фото:Видеодан скрин

https://stan.kz/almatida-baspanasinan-ayirilgan-ayel-prokuratura-gimara-410217/

Comments (0)
Add Comment