Алматыда ана жаңа туған сәбиін екіқабатты үйдің кіреберісіне тастап кеткен.
Жерде жылап жатқан жаңа туған сәбиді түскі уақытта тұрғындар байқаған.
Қазір нәресте ауруханада жатыр.
«Бала ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта қыз реанимацияда жасанды желдету аппаратында жатыр», — делінген материалда.
Баласынан бас тартып, оны қараусыз тастап кеткен ана іздестіріліп жатыр.
«Жаңа туған қызды Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары тауып алды. Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сәбидің анасының жеке басын және істің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», — дейді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
https://massaget.kz/news/almatyida-ayel-jana-tugan-sabid-ek-kabattyi-uydn-krebersne-124705/?fbclid=IwY2xjawII1U1leHRuA2FlbQIxMQABHY2hP353VTG_87x7BXA4caJ2blHEV4Ye2T9ukPSMh4qakLqIvEwKtYom1g_aem_qxP8By-KDZmWFZR0NRW0vw