Алматыда балалар арбасын ұрлаған әйел ұсталды, – деп жазады Polisia.kz.
Жамбыл облысының 25 жастағы тұрғыны бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін ұсталды. Ол үйлердің кіреберісінен балалар арбасы мен сәбилерге арналған велосипедтерді ұрлаған.
«Әйелдің ұрлығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол ұрлық жасағанда кішкентай қызын қасына ертіп жүрген. Қазір А. есімді азаматшаның 8 ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденді», – деді Бостандық аудандық ПБ бастығы Думан Аухадиев.
ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.