Алматыда 13 жастағы қызды зорлаған ВИЧ жұқтыртқан педофилге сот үкімі шықты

Алматыда 13 жастағы қызды зорлаған ВИЧ жұқтырған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Politico.kz.
«Алматы қаласында сот процесі өтті. Бұл іс бойынша 13 жастағы қызды ВИЧ инфекциясын жұқтырған ер адам зорлаған. Сот айыпталушыны аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деді заңгер Ляззат Ракишева желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, сот екі адвокатқа және айыпталушының бауырына қатысты – іс бойынша дәлелдерді бұрмалау фактісі бойынша – жеке қаулылар шығарды. Материалдар тексеру жүргізу және қылмыстық іс қозғау мәселесін шешу үшін прокурорға жолданды.

Сондай-ақ, сот Қылмыстық кодекстің 118-бабы бойынша жеке қаулы қабылдады, себебі сотталған адам өзінде ВИЧ инфекциясы бар екенін біле тұра, баланың денсаулығына әдейі қауіп төндірген.

Дереккөз: https://politico.kz/kz/article/almatyda-13-zhastagy-qyzdy-zorlagan-vich-zhuqtyrtqan-pedofilge-sot-ukimi-shyqty

Фото: ашық дереккөз

Comments (0)
Add Comment