Алматы облысында жол бойынан ер адамның мәйіті табылды

Алматы облысында автожолдың бойынан ер адамның мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

25 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-ға Көлді ауылының маңындағы автожолдың бойынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Аталған факті Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ПБ СДТБТ-де тіркелді. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

«Қазіргі уақытта жеке басын анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылдануда», – деді Алматы облысы Полиция департаментінде.

https://turkystan.kz/article/198085-almaty-oblysynda-zhol-boyynan-er-adamnyn-meyiti-tabyldy/

Comments (0)
Add Comment