Алматы облысында заңсыз сақталған 41 қару тапсырылды

ҰҚК

https://turkystan.kz/article/265494-almaty-oblysynda-zansyz-saqtalgan-41-qaru-tapsyryldy
Алматы облысында заңсыз сақталған атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсыру акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері тұрғындар арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

– Біз облыс тұрғындарымен 46 кездесу өткізіп, заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру және қару иелеріне ақшалай сыйақы төлеу тәртібі туралы толық түсіндірме бердік. Азаматтардың ыңғайы үшін қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде, сондай-ақ ХҚКО, базар және ойын-сауық орталықтары сынды халық көп шоғырланатын орындарда үгіт-насихат материалдары орналастырылды. Бұдан бөлек барлық полиция бөлімдеріне халыққа тарату үшін арнайы жадынамалар берілді, — деп хабарлады департаменттен.

Облыстық полиция мәліметінше, биыл 25 шілдеге дейін 31 азаматтан өтініш түсіп, олар 41 қаруды тапсырған. Оның ішінде, 35 – тегіс ұңғылы қару, 1 – травматикалық қару және 5 – ойық ұңғылы қару.

Заңсыз сақтаудағы қаруды ерікті түрде тапсырған 25 азаматқа жалпы сомасы 3 007 980 теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265494-almaty-oblysynda-zansyz-saqtalgan-41-qaru-tapsyryldy

Comments (0)
Add Comment