Алматы облысында қар жауды (ВИДЕО)

Бүгін, 10 қазанда Алматы облысының Кеген-Нарынқол республикалық маңызы бар күре жол аумағында қар жауды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының жол қызметкерлері учаскені тазарту бойынша жедел шаралар қабылдады.

«Қозғалысқа шектеу енгізілген жоқ. Жолда қауіпсіздік қамтамасыз етілді», – делінген хабарламада.

https://turkystan.kz/article/199664-almaty-oblysynda-kar-zhaudy-video/

Comments (0)
Add Comment