Алматы облысында 49 жастағы ер адамды жасөспірімдер аяусыз соққыға жыққан

Алматы облысында жасөспірімдер ер адамды аяусыз соққыға жыққан деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиға 7 наурызда түнгі сағат 02:00 кезінде болған. Бір сағат өткен соң 49 жастағы жәбірленуші Есік қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Соққыға жығылған азамат Таутүрген ауылының тұрғыны.

«Жедел іздестіру іс-шарасы барысында Еңбекшіқазақ ауданы ПБ ювеналды полициясының қатысуымен криминалдық полиция қызметкерлері 49 жастағы ер адамға дене жарақатын салған 2006, 2007 және 2008 жылы туған үш кәмелетке толмаған күдікті ұсталды. Олар ер адамға дене жарақатын салғандарын мойындады», – деп хабарлады Алматы облысының Полиция департаменті.

Аталған факт бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

https://turkystan.kz/article/216550-almaty-oblysynda-49-zhastagy-er-adamdy-zhasospirimder-ayausyz-sokkyga-zhykkan/

Comments (0)
Add Comment