Алматы маңында жер сілкінді

 istockphoto.com

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, табиғи апат Алматы уақытымен 22 сағат 25 минутта болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Қырғызстанмен шекарада Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде орналасқаны белгілі болды.

Анықталғандығы туралы мәліметтер (шкала бойынша): Алматы қаласында — 1,6 балл, Талғарда — 1,4 балл.

Бүлінген ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

https://turkystan.kz/article/244566-almaty-manynda-zher-silkindi

Comments (0)
Add Comment