Алматы қаласына жақын жерде жер сілкінісі тіркелді

 dzen.ru

 

Алматының сейсмикалық станциялары жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі 2024 жылғы 12 мамырда Алматы уақыты бойынша 10 сағат 52 минут 55 секундта жер сілкінісін тіркеді», — делінген Алматы орталығындағы кезекші оператордың жедел хабарламасында.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 597 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,8. Магнитудасы – MPV 4.4. Пайда болу тереңдігі – 5 шақырым.

https://turkystan.kz/article/243306-almaty-alasyna-zha-yn-zherde-zher-silkinisi-tirkeldi

Comments (0)
Add Comment