Алматы әкімдігі тау бөктеріндегі «Орловские банидің» құрылысы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Фото: Алматы әкімдігі

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Медеу жолындағы Керей-Жәнібек хандар көшесінде құрылыс-монтаждау басталғаны туралы хабарлама түскен жоқ. Нысанның құрылысына жобалау құжаттамасын меншік иесі алған жоқ.

“Визуалды тексеру барысында учаскеде құрылыс жүргізілмегені расталды, ал «Орловские банидің» жарнамасы бар баннер жойылды”, – деп мәлімдеді әкімдік.

Айта кетейік, сол аумақтағы салынып бітпеген нысан Алматының бұрын жарияланған құрылысы ұзаққа созылған нысандар тізіміне енгізілген.

Басқармада құрылысы тоқтатылған нысанда заңбұзушылықтар анықталған және нұсқама талаптарын елемеген жағдайда сот талқылауынан соң кезекті жоспардан тыс тексеру жүргізілетіні айтылды.

Бұрын меншік иесі ұсынған ақпаратқа сәйкес, жоспардан тыс тексеру барысында берілген нұсқама толықтай орындалмаған.

 

https://stan.kz/almati-akimdigi-tau-bokterindegi-orlovskie-banidin-kyri-401362/
Comments (0)
Add Comment