Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 8 шілдедегі №225ж/қ өкімімен Сәдубаев Алмас Қадырбекұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Алмас Қадырбекұлы Сәдубаев Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.Алмас Қадырбекұлы Сәдубаев 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген, білімі жоғары.
2005 жылы М.Х.Дулати атындағы университеттін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақстан-Тараз» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған.
2005-2008 жылдары, жаңалықтар бөлімінің редакторы, «Қазақстан ұлттық телеарнасы» АҚ PR-директоры, Астана қаласы; 2008-2010 жылдары республикалық басылым «Заң» газеті және журналының бас редакторы, Алматы қаласы;
2010 жылы- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының баспасөз хатшысы; 2010-2011 жылдары- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сарапшысы; 2011-2015 жылдары «ҚР ІІБ Медиа орталығының» бас директоры ; 2015 жылғы ақпаннан бастап осы уақытқа дейін ішкі істер министрінің баспасөз-хатшысы, Қазақстан Республикасы ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарып келді.