Бүгін “Дүниежүзілік кітап силау күніне” орай ақын Совет Әлімқұловтың 85 жылдығы Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін кітапханасында аталып өтті. Онда балалар ақынның өлеңдерін жатқа оқып, шағын көріністер де көрсетті. Ал ең бастысы жанары нашар көретін жандарға арналған ақынның кітабы мен ,аудио дискісін шығарып,оның тұсау кесер рәсімін де өткізді. Әкемнің аудио жазбасына 60-тан аса өлеңі енгізіліпті.Оның біреуін маған тарту етті. Мен де сиға- сый ретінде балаларға арналған бір кітабымды шын жүректен ұсындым. Ақпан айы Әлімқұловтың әдеби әлеміне арналған өлең оқу айлығы Әулиеата өңірінде әлі де жалғасуда.