Орта салмақта WBO чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионындағы қалған үш белбеуді жиып алмақ екенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
13 мамырда спортшымыз Калифорниядағы «Стоктон-Аренада» канадалық Стивен Батлермен 12 раундты жекпе-жек өткізеді. Бұл айқаста Жәнібекке тиесілі WBO белбеуі сарапқа салынады.
«Менде бір титул бар, енді маған тағы үшеуі керек. Иншааллах, мен барлық титулды жинаймын» деп жазды ол әлеуметтік желіде.
https://turkystan.kz/article/219083-elimhanuly-chempiondykka-katysty-kutpegen-melimdeme-zhasady/