ҚP Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Жамбыл облысының активімен кездесуде.
Кездесуге облыс әкімі Асқар Мырзахметов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова, Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Түркістан жене Қызылорда облыстары бойынша аумақтық департаменттерінің басшылары, мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен этноқауымдастықтардың өкілдері қатысуда.
Сондай-ақ, кездесу барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова және «Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау» жобалық бөлімінің басшысы Гүлмира Кабиева сез сөйлейді.