Алғыс айту күніне орай тренинг өтті

Елімізде көктемнің алғашқы күні барша жұртшылық Алғыс айту күнін атап өтеді. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесіндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандар да назардан тыс қалған жоқ. Мекеменің психолог аға инспекторы әділет майоры Аяулы Исакова 1-наурыз Алғыс айту күніне орай сотталғандар арасында психологиялық тренинг өткізді. Сотталғандар шын журектен алғыс хаттарын жазып,сағыныштарымен бөлісті. Іс-шара барысында психолог маманы сотталғандардың бір- біріне құрмет көрсетуін, мейірімділік, адамгершілік танытуы, ата-аналары мен туған – туыстарына сезімдерін білдіруі тұрғысында дәріс оқыды. Тренинг өткізудегі басты мақсат, олардың өзіне деген сенімділігін, өмірге деген құштарлығын ояту. Жаза басып жаңылғандарға сенім беріп, өмірге оң көзқарасын қалыптастыру.

Comments (0)
Add Comment