Сарысу ауданы жылдың алғашқы 6 айында мемлекеттік бюджетке 1 402,0 млн. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жинады, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.
Аталған соманың ішінде республикалық бюджетке – 503,8 млн. теңге (118,1 пайыз), жергілікті бюджетке –898,2 млн. теңге. Осылайша, аудан алдын ала , болжамды 110,9 пайызға орындаған.
Аудандық бюджеттің кірістер жоспары 4728,8 млн. теңге болса, орындалғаны 4751,1 млн. теңгені немесе 100,5 пайызды құрады.
Өзіндік кірістердің орындалуы 513,2 млн. теңге немесе 104,6 пайыз болды, негізгі кіріс көздері 25,4 млн. теңгеге артығымен орындалды.
Аудандық бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 99,9 пайызды құрады.