ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ АЙРЫҚША

Елімізде әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың қасынан табылып, әркез көмек қолын созатын мамандық иелері – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері.

Жыл сайын сала қызметкерлері өз кәсіби мерекелерін қазан айының соңғы жексенбісінде атап өтеді.

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова мен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Талап Әбдібеков сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті.

– Әдетте жалғызбасты жандар, көп балалы аналар, аз қамтылған азаматтар, мүгедектер мен жетімдер көмекке мұқтаж. Мұндай адамдар тек материалдық қана емес, сонымен қатар адамзат жылуын, қамқорлығын, жылы сөздерді қажет етеді. Бұл ретте әлеуметтік қызметкерлер, Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Бүгінгі мерекенің атап өтілуі де жанқиярлық еңбектеріңізбен тынымсыз қамқорлық жасап отырған Сіздерге деген шынайы құрметтің белгісі, – деді Махпал Сатыбалдықызы.

Мұнан соң, бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының «Құрмет Грамотасымен» және «Алғыс хаттарымен» марапатталып, сый-сыяпат табыс етілді.

Comments (0)
Add Comment