«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Жамбыл аудандық Жастар ресурстық орталығында «Әлемді кітап арқылы танимын» атты байқауы өтті.
Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, мәдениет қайраткері Пернебай Дүйсенбиннің өмірі мен шығармашылығын балаларға терең оқытуды көздеген шара қаламгердің балаларға арналған сан алуан тақырыптағы танымдық-тәрбиелік туындылары арқылы балалардың қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласын арттыруға бағытталды. Сондай-ақ, көркем сөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру, рухани-адами тәрбие беру, ұлтжандылық қасиеттер қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдер арасында кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту бағытын мақсат тұтты.
Байқауға аудан мектептерінен 30 жуық оқушы қатысты. Байқауда топ жарған және үздік өнер көрсеткен қатысушылар облыстық байқауда өз бақтарын сынайтын болады.