«Алданғандардың ақшасы қайтарылады»: Алаяқтар конституциялық соттың атынан жалған ақпарат таратқан

Әлеуметтік желіде алаяқтардан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіліп, оларға ұрланған қаржы қайтарылады деген хабарландыру тараған. Бірақ Конституциялық соттың ресми сайтында мұндай ақпарат жоқ.

Постта сілтеме тұр, оған кірсе Lider компаниясының веб-сайтына кіресіз. Онда «онлайн-казинолардан, жосықсыз инвестициялық немесе брокерлік компаниялардан және букмекерлік кеңселерден ақшаны қайтаруға маманданған» компания деп жазылған. Содан кейін директор мен қызметкерлердің аты-жөні жазылған фотосуреттерін көруге болады. Сондай-ақ сайтта компанияның көмегімен ақшаны қайтарып алған адамдардың пікірлері бар.

Бірақ фирма директорының, сарапшыларының және адвокатының фотосуреттері фотостоктан алынған. Бұл суреттер иллюстрация ретінде әртүрлі сайттарда қолданылады.

“Ақшаны қайтарып алдым” деген адамдардың да видеолары жалған. Себебі бұл адамдар ақша үшін өтірік пікір айтады. Олардың басқа видеода өздерін басқа атаулармен таныстыра отырып, әртүрлі фирмалардың жұмысы туралы пікір айтып, түрлі қызметтерді жарнамалағаны анықталды.https://stan.kz/alayaktarga-aldangandardin-akshasi-kaytariladi-zhelide-390657/

Comments (0)
Add Comment