Аудан әкімі М.Сұлтанғалиевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте күн тәртібіне сәйкес «Жаңатас қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының жүргізілу барысы», «Көктем мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға дайындық жұмыстары», «Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2022 жылдың қорытындысымен және 2023 жылдың қаңтар айына орындалуы», «Наурыз айындағы мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері» қаралды.
Бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Е.Есмаханов пен қала әкімі Д.Борсықов баяндама жасап, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұсынысы бойынша Сарысу ауданы әкімінің 2023 жылғы 3 қаңтардағы №1 шешімімен аудан аумағында жергілікті ауқымды табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялануына орай және ауа райының күрт жылынуына байланысты, ауданда сел басу қаупінің алдын алу, 10-12 ақпан күнгі дауыл бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.«Көктем мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға дайындық жұмыстары» туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж.Танабаев баяндап, көктемгі су тасқынына дайындықты арттыру мақсатында қала, ауыл әкімдерін жұмыстарды жүйелі жүргізуге шақырды.
Аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы алдағы шаралардың маңызына тоқталып, әкімдер мен бөлімдерге нақты хаттамалық тапсырма берді.