Қазгидромет алдағы үш күнде – 8-10 ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты.
Синоптиктердің болжамынша, кезең басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын және тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Кезеңнің соңына қарай елдің солтүстік, шығыс, орталық өңірлеріне Батыс Сібір аудандарынан антициклон ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.
Солтүстік өңірлерде түнде -15…-28°C, орталық өңірлерде -15…-25°C, шығыста -15…-30°C градус аяз күтілуде.
8 ақпанда ірі қалаларда ауа райы қандай болады
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -8, күндіз -5 градус.
Алматыда күн бұлтты, түнде -3, күндіз -1 градус суық.
Шымкентте күн бұлтты, аздап қар аралас жаңбыр жауады. Түнде -2 градус суық, күндіз +2 градус жылы.