Қазгидромет 4, 5, 6 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері ауа райына Баренц теңізі аумағынан ығысып келген циклон әсер етеді, сондықтан елдің көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.
«Түнде ауа температурасы елдің батысында, солтүстік-батысында 0-8 градус аязға дейін, солтүстігінде, орталығында 5-15 градус аязға дейін, шығысында 7-18 градус аязға дейін, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 8 градус аязға дейін — 2 градус жылы болады», — деп жазылған ақпаратта.
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев