Алдағы күндері 28 градусқа дейін аяз болады

Республиканың басым бөлігінің ауа райын солтүстік циклонның терең жырасы айқындайтын болады

Қазгидромет алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Болжам бойынша, республиканың басым бөлігінің ауа райын солтүстік циклонның терең жырасы айқындайтын болады. Осыған байланысты ауа райының құбылмалығы күтіледі.

Елдің басым бөлігінде қар жауады, еліміздің шығысында қалың қар жауып, бұрқасын күтіледі, оңтүстік өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласады. Таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарда көктайғақ болады деп болжануда. Елдің батысы мен солтүстік-батысында кең ауқымды Скандинавиялық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-13 градусқа, ал солтүстік-батыста 13-25 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің солтүстігінде 20-25 градус аяз болжанады. Ал Қазақстанның орталығында термометр 15-28 градус аяз болады, шығыста 18-26 градус, оңтүстік-шығыс өңірлерде 8-21 градусқа дейін ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

фото: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/252985-aldagy-kunderi-28-graduska-deiin-aiaz-bolady

Comments (0)
Add Comment