Ақыртөбе ауылындағы мерекелік кеш

25 қазан Республика күні мерекесіне орай Ақыртөбе ауылында мерекелік кеш ұйымдастырды.
Мерекелік концерт Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындаумен басталып, Ақыртөбе ауылдық округінің әкімі мен жергілікті ардагерлер кеңесі мүшелерінің құттықтауымен жалғасты. Айтулы мерекеге орай саналы ғұмырын саналы ұрпақ тәрбиелеп, ауылымыздың әлеуметтік әлеуеті мен мәдени руханиятын дамытуға үлес қосқан ардагерлеріміздің бірқатары Т.Рысқұлов аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.
Іс-шара барысында ауылдық мәдениет үйінің жанынан құрылған домбыра үйірмесінің қатысушылары алғаш рет сахнада ансамбль құрамында шығарма орындаған болса, жергілікті көркемөнерпаздар музыкалық көркемдік жетекшісі К.Ембердиевпен бірге өнер көрсетіп көремендердің қошеметіне бөленді.
Сондай-ақ би өнері бойынша түрлі Кеш байқауларда жүлделі орындарда бой көрсетіп жүрген Ақыртөбе орта мектебінің оқушылары, көркемдік жетекшісі Ж.Сабырайдың шәкірттері, «JasStar» би тобының мүшелері өз өнерлерімен кешке жиылған қауымды тәнті етті.
Comments (0)
Add Comment