Газ, су, электр энергиясы саласында деректер берудің бастамасы есептеу құралдарынан басталады. Ал егер сол құралдар «ақылды» болса, ол халықтың өмір сүру сапасына оң әсерін тигізері сөзсіз.
Осындай Алматы қаласындағы «Алатау» арнайы экономикалық аймағы инновациялық технологиялар паркінде орналасқан “NERO” компаниялар тобының жылу, су, газ, электр энергиясын есепке алатын цифрлық құрылғылар мен олардың негізіндегі автоматтандырылған жүйелерді әзірлеу және өндіру барысын көрдік.
Зауыт құрылғыларға корпустарды құю, платаларды дәнекерлеу, жинау, калибрлеу және тексеру үдерістерін жүргізеді.
Сандық аспаптар мен энергия ресурстарын есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін өндіретін зауыт «Неро Групп» ЖШС кәсіпорыны 2022 жылы құрылған. Кәсіпорында 87 адам жұмыс істейді.
«Неро Групп» ЖШС туралы қысқаша ақпарат айтып өтсек: “NERO” компаниялар тобы — жылу, су, газ, электр энергиясын есепке алатын цифрлық құрылғылар мен олардың негізіндегі автоматтандырылған жүйелерді отандық әзірлеуші және өндіруші.
Зауыт Алматы қаласындағы «Алатау» АЭА ИТП аумағында орналасқан. Өндірістің толық цикліне ие жоғары технологиялық жеке зауыт корпустарды құю, платаларды дәнекерлеу, жинау, калибрлеу және тексеру үдерістерін қамтиды.
10 жылдан астам уақыт ішінде біз 35 000-нан астам жылу және электр энергиясын, газ және суды есепке алу құрылғыларын сәтті енгіздік. Олар нақты уақыт режимінде деректерді жинауға, өңдеуге және мониторинг жасауға мүмкіндік беретін АСКУЭ жүйелеріне біріктірілген.
Жезқазған қаласындағы жобаның экономикалық тиімділігі 2,051 млрд теңгені құрады, ал Қарағанды қаласында тұтынушылар үшін жылу төлеміндегі үнем 25–40%-ды құрады.
Барлық есепке алу құралдары өлшеу құралдарының типін бекіту туралы сертификаттармен, СТ-KZ және индустриялық сертификаттармен расталған. Дайындалған өнімдерге зияткерлік меншік құқықтары патенттермен қорғалған.
Г. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетімен (АЭжБУ) серіктестік аясында «Неро Групп» ЖШС энергетика саласы үшін кадрлар даярлау жұмысына белсене қатысады. Сондай-ақ құрал жасау және энергетика салаларында бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу бойынша технологиялық әріптестік орнатылған.
«Неро Групп» ЖШС салалық және кәсіби бірлестіктердің мүшесі: «Атамекен» ҰКП, KazESO, КЭА және т.б.
Отандық тауар өндірушілердің бірлескен күш-жігерімен қазақстандық өнімдердің Қазақстан Республикасының ішкі нарығында ғана емес, сондай-ақ Орталық Азия және жаһандық нарықтарда да лайықты орын алуы қамтамасыз етілуде.
Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары