Ақтөбегі арнайы мекемеде балалар соққыға жығылғаны анықталды. Қала прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, тергеу үшін Полиция басқармасына жолдады деп хабарлады turkystan.kz.
Ақтөбе облысы прокуратурасы мәліметінше, 2023 жылғы 27 сәуірде №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызметкерлер балаларды ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Прокуратура қызметкерлері осы мекемеге қорғаншылық және қамқоршылық органы, Ақтөбе облысы бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының өкілдері, полиция қызметкерлері және медицина қызметкерлерімен бірге барды. Бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру арқылы №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлері балаларды ұрып-соққаны анықталды», – делінген хабарламада.
Tengrinews.kz сайтының мәліметінше, осы дерек бойынша Ақтөбе прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, тергеу үшін қалалық Полиция басқармасына жолдады.
https://turkystan.kz/article/223079-aktobegi-arnayy-mekemede-balalar-sokkyga-zhygylgan/