28 қазан күні Астана қалалық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бөгенбай батыр даңғылындағы үйдің ауласынан үш күдіктіні ұстады.
Ұсталған үшеу Ақтөбеде екі кісіні өлтірді деген күдікпен іздеу жарияланып, елордада жасырынып жүрген.
Еске салсақ, Ақтөбеде Нокин көшесінің бойында Елек өзенінің жағасынан екі мәйіт табылған болатын.
Ақтөбеде түнгі клубтың күзетшілеріне келушілерді қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылған еді. Осыған дейін тоғыз адам ұсталғаны белгілі болған.
https://stan.kz/aktobede-eki-kisini-oltirdi-degen-kudikke-ilingender-as-372540/