Ақтөбеде жолаушыға тамақ бермеген әуе компаниясы 612 мың теңге айыппұл арқалады

Дау «Qazaq AIR» компаниясының рейсі 4 сағат 40 минутқа кешіктірілген соң басталған. Жолаушылардың бірі күту кезінде компания өкілдерінен тамақ пен сусын беруді сұрапты. Алайда компания тамақ бермеген.
Нәтижесінде жолаушы аш қалғаны үшін әуе компаниясының үстінен шағымданған. Өз міндеттемесін дұрыс орындамағаны үшін және түнде жолаушыларды тағаммен қамтамасыз етпегені үшін «Qazaq AIR» сот шешімімен қомақты айыппұл төлейді.
Comments (0)
Add Comment