Ақтөбеде үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған 13 жастағы ерекше баланың денесі өзеннен табылды, деп жазады turkystan.kz.
Kazinform агенттігінің мәліметінше, Кәрім Жетіру 4 маусым күні сағат шамамен 17:00-де ауладан шығып, белгісіз жаққа кетіп қалды. Содан бері еріктілер, полиция, ТЖД қызметкерлері оны судан да, далалықтан да іздеді.
Кеше ТЖМ-нің тікұшағы әуеден бақылау жасады. Кәрім Жетірудің денесі бүгін табылды.
Кәрім Жетірудің денесі Елек өзенінен, Юрта мейрамханасының манынан табылды. Полиция, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар жоғалған баланы іздеуге қатысты. Полиция тергеу жүргізіп, қажетті сараптамалар тағайындады. Полиция департаменті туыстары мен жақындарына көңіл айтады, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, баланың денесі су бетіне қалқып шыққан.
https://turkystan.kz/article/244316-aktobede-zhogalyp-ketken-13-zhastagy-balanyn-denesi-tabyldy