Ақтөбеде екі адам кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалаған

Ақтөбе облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кешенін өткізу кезінде Ақтөбе қаласында кәсіпкерді қорқыту жолымен одан 35 миллион теңге бопсаған екі күдікті жігітті ұстады.

«ІІО есебінде тұрған күдіктілер кәсіпкерден ақшалай қаражаттың бір бөлігін алу кезінде қолға түсіп, олардан қолма-қол ақша, оның ішінде бұған дейін жәбірленушіден алынған 4 млн теңге, бірнеше ұялы телефон, банк карталары мен пышақ тәркіленді», – делінген хабарламада.

Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

https://turkystan.kz/article/239383-a-t-bede-eki-adam-k-sipkerden-iri-k-lemde-a-sha-bopsala-an

Comments (0)
Add Comment